Алматыда такси жүргізушісі 18 жастағы қызды зорлады
Фото: Envato
Алматыда 19 қыркүйек күні 2007 жылы туған қызды такси жүргізушісі зорлағаны хабарланды. Күдікті бұған дейін қызға қырындап жүргені белгілі болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «НеМолчи» қоры Instagram парақшасында жазды. Қор тағы да полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне шағымданды.
Жоғалып кеткеннен кейін зорланып табылған қызды полиция 5 сағат бойы тергеген. Жәбірленушінің ісін полицейлер бір-біріне сілтеп келген, ал олар тек прокурор қоңырау шалғаннан кейін ғана тергеуге кіріскен. Алайда сараптамаға жіберуден үзілді-кесілді бас тартқан.
Сараптаманы тек бүгін ғана өткізуге мүмкіндік берілген. «НеМолчиKZ» қорының жазуынша, түнде келген мемлекеттік адвокат қызды қорғаудан бас тартып, сараптаманы күтпей кетіп қалған.
«Бұл іске Бас прокуратураның араласуын талап етеміз. Шұғыл сараптама жүргізіліп, күдіктіні қамауға алу қажет. Ол жігіт такси жүргізушісі болып істейді. Демек, қазір оның көлігіне отырған Алматыдағы әрбір қызға қауіп төніп тұр», деп мәлімдеді «НеМолчиKZ» қоры.
Қор өкілдері сондай-ақ Алматы қаласы ПД-нің ресми жауабын күтіп отырғандарын айтты.
Айта кетейік, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық