Алматыда тағы бір заңсыз ғимарат сүріліп жатыр
Алматыда сот шешімімен заңсыз салынған тағы бір ғимарат сүрілді.
Бөгенбай батыр көшесі, 24-үйдегі төрт қабатты ғимарат рұқсатсыз тұрғызылған. Бұл туралы Алматы қаласының қала құрылысын бақылау департаменті хабарлады.
Сот талқылауы мен апелляциялық шағымдардан кейін Жоғарғы сот бұл іске нүкте қойды. 2022 жылдың 30 қарашасында бірінші инстанция мен Алматы қалалық сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды. 5 мамырда сот орындаушыларының қатысуымен ғимаратты бұзу жұмыстары басталды.
Тағы бір мекенжайда басқарма қызметкерлері пәтерлерді сату туралы хабарландыруларды анықтады. Достық даңғылы, 170/1 мекенжайындағы жер теліміндегі құрылыс сонау 2005 жылы басталып, кейін тұрып қалған. Меншік иесі ауысқаннан кейін сол жерге сауда нысандары заңсыз салынған. 2023 жылдың 2 мамырында оларды бұзу туралы шешім қабылданды. Енді сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде.
Қала құрылысын бақылау департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. Пәтер сатып алмас бұрын +7 (727) 229-81-36 сенім телефоны арқылы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарын тексеру қажет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық