Алматыда «Қытай экспансиясына қарсылық» митингісі өтті
Бүгін, 27 наурыз күні Қазақстанда екі оппозициялық топ халықты «Қытай экспансиясына қарсылық» митингісіне алаңға шығуға шақырған болатын. Orda.kz. тілшілері оқиға ортасынан хабарлайды.

Жанболат Мамай мен Мұхтар Әблязов екеуінің де шақырған уақыты мен митингінің белгіленген орны бір. Бұған дейін осы митинг қарсаңында елде полиция қызметкерлері кейбір белсенділерді бөлімшеге шақыра бастағаны белгілі болған.

Алматының «қызыл» аймақта екеніне қарамастан бүгін белсенділер алаңға шықты. Белсенділер жиналған Уәлиханов алаңында полиция қызметкерлері де келді. Алматыда митинг өтеді деген Шоқан Уәлиханов алаңын полиция жиын басталмай тұрып жан-жақтан қоршап, адамдарды өткізбеді. Алаңға жақын көшелер де жабылды. Аумақта интернет өшірілді.

Санитарлық дәрігерлер жүргіншілердің дене қызуын тексеруде. Жақын арада екі автозак пен жедел-жәрдем көлігі тұр.
Жанболат Мамай сағат 11.30 –да жақтастарының алтауын ұстап әкеткенін хабарлады. Белсенділердің басты талаптары – жерді ешкімге бермеу және қытай экспансиясына қарсылық.
Тіркелмеген «Қазақстан демократиялық партиясы» өкілдері митинг өткізетінін әкімдікке ескерткенмен партия жақтастарының өздері алаңға әрең өткен. Бастамашыл топ өкілдерінен Инга Иманбай мен Абзал Достияров бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық