Алматыда әскерге сау кеткен сарбаз психиатриялық ауруханадан бір-ақ шықты
скриншот
Алматыдан әскерге аттанған сарбаз Ордабек Түймебаев мерзімінен бұрын үйіне оралды. Ордабектің әкесінің айтуынша, дені сау баласы алты айда психиатриялық ауруханадан бір-ақ шыққан.
31 арнаның хабарлауынша, командирлер үйдің жалғыз ұлын соққыға жығып, оған қысым көрсеткен. Осыдан үш апта бұрын Ордабекті «борышын өтеді, бәрі жақсы» деп әкеп тастаған.
Қазір 21 жастағы жігіт Нұр-Сұлтандағы психиатриялық ауруханада емделіп жатыр.
Алмахан Балықбаевтың жалғыз ұлы Ордабек өткен жылы қараша айында әскерге шақырылып, Алматыдағы 7552 әскери бөліміне жіберілген.
Оның айтуынша, ұлының әскерге барар алдында денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған. Әскерилер жарты жылдан кейін ұлын әкеп тастаған. Бірақ жігіттің не себепті ерте қайтқаны белгісіз қалған.
Үйге келген Ордабектің мінезі өзгеріп кеткен: бірде телефонын, бірде куәлігін жоғалтып, бірде тіпті үйдегі дүниелерді өртей бастаған.
- Балам оқта-текте айтып қалады. «Тек ақша сұраумен болды. Ақша болмаса, төртеу, бесеу болып тепкілейді мені дейді,- деп баласының сөзін келтіреді Ордабектің әкесі Алмахан Балықбаев.
Зардап шеккен жігіттің әкесі ұлының жағдай күн сайын нашарлай бастағанын айтады. Біраз аурухана табалдырығын тоздырып ақыры Ордабекті Нұр-Сұлтандағы психиатриялық ауруханаға жатқызған. Қазір ол он күннен бері сонда ем қабылдап жатыр.
- Ол осындай жағдайға түсіп кеткен, танымай қалады. Өзін-өзі білмей қалып істеп жатыр ғой. Есі кіресілі-шығалы болып тұрады. Баламыз бұрынғыдай емес, -дейді Ордабектің анасы Гүлсара Елтоқова.
Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының өкілдері сарбазға қысым көрсетілгенін жоққа шығарды. Оның айтуынша, Ордабек әскерде жүрген алты айда үнемі дәрігерлердің бақылауында болған. Ордабек алғашқы аптада ерсі қылық көрсете бастаған.
- Ұрып-соғу деген болған жоқ. Егер қазір де ондай бір нететін болса, ұрды-соқты дейтін болса, біздің құқық қорғау органдары бар. Оларға сол несімен айтып, бәрін тексеріледі. Енді ешқандай да, егер кінәлі адамдар болса жауапкершілікке тартылады, - дейді ҚР ҰҰ «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев.
Әскери бөлім сарбаздың о баста денсаулығы нашар болғанын және оны ата-анасы білгенін алға тартты. Олар балаға үнемі хабарласып отырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық