Алматыда шетелден келген сәлемдемеден психотроптық зат пен гашиш майы табылды
Фото: Polisia.kz
Алматыда шетелден келген сәлемдемеден психотроптық зат пен гашиш майы табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсы.
«Сәлемдеменің ішіндегісін тексеру кезінде екі құты есірткі заты – салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм психотроптық зат – тетрагидроканнабинол табылып, тәркіленді» делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, ұзақ мерзімді жедел-іздестіру шаралары барысында көлік полициясы қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалында алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін анықтады.
Мәліметтерге сәйкес, сәлемдеме жіберген шетелдік азамат қала әуежайында ұсталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық