Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы ауысты
Коллаж Orda.kz
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жаңа басшысы болып Қасымхан Алпысбайұлы тағайындалды.
Ол зейнеткерлікке шыққан Жандарбек Бекшиннің орнына келді.
Айта кетсек, бұған дейін СЭҚД басшысы қызметін атқарған Қарлығаш Әбдіжаббарова қазір Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
Қасымхан Алпысбайұлы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін басқару мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2000 жылы Бостандық ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде бастады. Әр жылдары Алматы қаласы аудандарының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде санитарлық дәрігер болып жұмыс істеді.
2009 - 2014 жылдары Алматы қаласы Жетісу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап Алматы қаласы Медеу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасының басшысы.
Қызметінде қол жеткізген табыстары үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградаларымен, «Халық алғысы» медалімен және т.б.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық