Алматыда салық төлемеген жол талғамайтын көлік иелерін іздеу басталды
Алматыда көлік салығын төлеуден қашып жүргендер іздестіріліп жатыр. Олардың жартысынан астамы қымбат көлік иелері. Полицейлер борышкерлерді «Сергек» камерасы арқылы тауып, жол бойында тоқтатып, тексерді.
Өткен жылдың сәуір айынан бері Алматыдағы көлік салығы бойынша қарыз бес миллиард теңгеге жетті. Әңгіме 60 мың көлік туралы болып отыр. Мегаполисте барлығы 600 мыңға жуық көлік бар. Соған көңіл аударсақ, әрбір оныншы жүргізуші салық төлеуден қашып жүрген болып шығады.
— Борышкерлердің жартысы қозғалтқыш көлемі төрт мың текше метрден асатын көліктердің иелері. Бұл элиталық және қымбат жол талғамайтын көліктер. Қазір полиция қызметкерлері мен салық органдары және сот орындаушылары осы жұмыспен айналысып жатыр. Бірақ кейіннен қарызы аз қарапайым борышкерлерді де тексере бастайды. «Салық берешегі жоқ қала» акциясы шілде айының соңына дейін жалғасады, - дейді Алматы қаласы бойынша өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Қуаныш Түменбаев.

Желтоқсан көшесінде полицейлер қозғалтқыш көлемі 5,7 литрлік Toyota Tundra көлігінің жүргізушісін ұстады. Ер адам бірнеше жылдан бері салық қарызын өтемеген. Ол қашып кетпек болған, бірақ оны екі патруль көлігі жол жиегіне тоқтатты. Борышкер мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығарамын деп қорқытпақ болған, бірақ артынша татуласып, бәрін төлеуге уәде берді. Белгілі болғандай, оның әртүрлі маркалы жеті көлігі бар. Бірақ ол тек Toyota Tundra көлігі үшін салық төлемеген.

—Бұл көліктің иесі бюджетке 1 344 000 теңге қарыз. Яғни, үш жылдан бері салық төлемеген. Сәйкесінше, енді көлік уақытша айыптұрағына қойылады. Жүргізуші куәлігінен айрылуы мүмкін, – деп түсіндірді жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы басшысының орынбасары Аида Рахымбаева.

Борышкерлердің көліктері айыптұраққа жөнелтілді. Салықты төлегеннен кейін көлік иесіне қайтарылады, болмаса аукционда сатылады. Бір күнде полицейлер салық органдарынан жасырынып жүрген 10 көлік иесін ұстады. Олардың жалпы қарызы 11 миллион теңгеден жоғары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық