Алматыда сайлауға қатысты баспасөз орталығы ашылды
2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Алматы қаласы Мәслихатының сайлауы өтеді. Сайлаудың өту барысы туралы жедел ақпарат тарату мақсатында Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды, деп хабарлайды ORDA.
Баспасөз орталығы Алматыдағы сайлау барысы туралы қалың жұртшылықты бірінші кезекте хабардар етудегі объективтілік пен жеделдік және беделді сараптама жасайтын орталық болмақ.
Қалалық әкімдік бақылаушылар мен БАҚ өкілдерін ынтымақтастықта, бірлесе жұмыс істеуге шақырады.
Барлық отандық және халықаралық бақылаушылар 1308, +7 707 934 3984 (WhatsApp) нөмірлері бойынша және [email protected] электрондық мекен-жайы арқылы баспасөз конференцияларын өткізуге өтініш бере алады.
Баспасөз орталығында журналистердің жедел жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасадық деп отыр. Баспасөз орталығы заманауи техникамен және компьютерлермен, интернетпен және wi-fi-ға қосылу мүмкіндігі бар 40-қа жуық жұмыс орындарымен жабдықталған. Бейнеконференциялық байланыс режимінде және Zoom платформасында бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік де бар.
Жалпықалалық баспасөз орталығы «Қазақстан» қонақ-үйінің бірінші қабатындағы «Алтын Емел» залында орналасқан. Сұрақтар бойынша +7 747 615 6602 нөміріне хабарласуға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық