Алматыда сөз бостандығы мен өз ойын ашық айтуды қолдайтын митинг басталды
Жароков-Шевченко көшелерінің қиылысындағы М.Ганди атындағы саябаққа бүгін Қазақстанның түрлі БАҚ өкілдері жиналды.
Жиналғандардың арасында көптеген белгілі БАҚ өкілдері бар. Билік рұқсат берген митингтің басты ұраны – «Біздің бостандығымыз – сіздің құқығыңыз, сіздің құқығыңыз – біздің бостандығымыз!».

Қатысушылар қолдарына сөз бостандығы туралы ұрандар жазылған плакаттар ұстаған. Қоғам қайраткері Тамара Калеева алғашқылардың бірі болып сөз алды. Оның пікірінше, Қазақстанға БАҚ пен блогерлерге цензураның болмауы туралы жаңа заң керек.

— Болашақта бізде ар-намыс кодекстері мен ережелер болады, бірақ біз осы жерде және қазір өмір сүреміз. Журналистер сөз бостандығы құқығын қорғауы керек, - деді ол.
Жиналғандарды полиция жасақтары мен автозактар қадағалауда. Бірақ әзірге ешқандай қақтығыс болған жоқ. Митингтен алынған тікелей жазбаны телеграм арнамыздан оқып, көре аласыздар.
Ордалықтар да барша қазақстандық журналистер сияқты өткен жылдың басынан бері талай белестерді басынан өткерді. Бұғаттаулар, қысым, жабылу қаупімен белгілі бір материалдарды алып тастау талабы. Біз жиі шеттетілдік.
Қаңтар оқиғасы көп өзгерістер әкелді, бірақ бәрі өзгеріп кеткен жоқ. 15 қаңтардан кейін біз бұғатталған жоқпыз. Бірақ біз және Қазақстанның басқа журналистері сөз бостандығына ие болдық па? Жауап жоқ, біздің зерттеулер көрсеткендей, әсіресе мемлекеттік БАҚ сөз бостандығына ие емес. Ал тәуелсіз басылымдарға цензура зұлымдығы кез келген сәтте мысықтабандап қайта оралуы мүмкін. Біреу «блоктау» түймесін басса немесе БАҚ туралы заңға қажетті түзету қабылданса бәрі өзгеруі мүмкін. Енді шенеуніктер арнайы сенімділік сертификатымен журналист болып жұмыс істеуге рұқсат беруді жоспарлап отыр!
Реакция болмас үшін, шенеуніктердің, саясаткерлердің, олигархтардың және барлық билік басындағылардың енді ешқашан журналистердің аузын жабуға мүмкіндігі болмауы тиіс, тіпті батылы бармағаны жөн. Сөз бостандығы корпоративтік мәселе емес. Біз қашан да жұмыс табамыз. Дегенмен түрлі желеумен кәсібіңді атқару құқығынан айыруға ешкімнің құзыры жоқ.
Сөз және өз ойыңды жеткізу еркіндігін сізден ешкім тартып алуға тиісті емес, ақпарат алуға құқығыңыз бар! Әртүрлі көздерден, соның ішінде билікке тәуелсіз ақпарат көзін де қодануды шектемеу керек. Сөз бостандығы – сіздің шындыққа, қазіргі оқиғаларға әртүрлі пікірлер мен көзқарастарға деген құқығыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық