Алматыда ресейлік жұлдыздардың концерті тоқтатылды
коллаж Almaty.tv
Алматыда ресейлік жұлдыздардың қатысуымен концерт өтті. Қалалық мейрамханалардың бірінде атақты әншілер Ислам Итляшев пен Сұлтан Лагучевтің әндерін тыңдау үшін 500-ге жуық адам жиналды.
Бұл туралы Orda.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, іс-шараны өткізу кезіндегі толымдылық 50 адамнан аспауы керек. Мекеме қонақтары маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтамаған. Құқық бұзушыларға хаттама жазылып, іс құзыретті органдарға жіберілді. Ұйымдастырушылар тоқтатылған концерт үшін тыңдармандардың ақшасын қайтаруға уәде берді.
– «Хан Сарай» банкет залы тарапынан заң бұзушылықтар анықталды. Ол жерде 500-ден астам адам болды. Шара тоқтатылды. Мекеме әкімшілігінен түсініктемелер алынды, – деді Алмалы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Ерден Бисембаев.
Айта кетейік, оңтүстік астанадағы эпидемиялық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Коронавирустық инфекция жұқтырғандар күн сайын тіркелуде. Осыған байланысты мамандар қала тұрғындары мен кәсіпкерлік нысандарының иелерін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Еске салайық, Сұлтан Лагучевтің «Горький вкус» әні Ресейде ғана емес, ТМД-ның басқа елдерінде де танымал болды. Бүгінгі таңда YouTube-те бейнебаяны 113 миллион рет қаралған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық