Алматыда құрал-жабдықтар қоймасы тоналды
Үш қылмыскер қоймаға кіріп, күзетшіні ұрып-соғып, видеокарталарды алып кеткен.
Алматыда үш ұры компьютерлік техника қоймасына қарақшылық шабуыл жасады. Олар таңертең ерте келіп, әлі ешкім болмаған кезде күзетшіні ұрып-соғып, компьютерлерге арналған видеокарталарды алып шыққан.

— Олар күзетшілерді ұрып-соқты. Қару-жарақ қоқан-лоққысымен олар компьютерлік техниканы, дәлірек айтсақ, үлкен сомаға бейнекарталарды тартып алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына аудандық деңгейден де, қаланың криминалдық полициясынан да жедел уәкілдер кірді. Күдіктілер Нұр-Сұлтанға теміржолмен кетпек болған жерінен Шу қаласында ұсталды. Олжаның бір бөлігі олардың өздерімен болды, негізгі бөлігі жүк тасымалы арқылы астанаға жөнелтілген. Тауарлар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Процессуалдық әрекеттер жасалғаннан кейін видеокарталар иесіне қайтарылады, — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Тоналған қойманың директоры полицияның таңғаларлық жылдам, үш күн ішінде қылмысты шешкенін мойындады. Бостандық аудандық ІІБ полиция бөлімінің мәліметінше, ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Бұрын олардың бірі осы компанияның клиенті болған, ол видеокарталардың құны мен рөлі туралы біледі. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық