Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты
Сурет: Gov.kz
Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты. Олар 6 миллиард шығын келтірген.
Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында 16 сотталушыға қатысты аса ірі көлемде қаражат тарта отырып, қаржылық пирамиданы басқару және алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (217-баптың 3-бөлігі «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару»; 218-бабының 1-бөлігі «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату»).
Сот айыпталушылар 2017 жылдың мамыры мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында қаржы пирамидасы құрылымдық бөлімшелерін ұйымдастырып, басқарғанын анықтады.
«Әзірленген жоспарға сәйкес, А. және басқалары «Q» ЖШС-н ашып, ақша салуды ұсынып, салымшыларға жоғары пайыздық мөлшерлемелерге уәде бере отырып, адамдар тартқан.
Сотталушылар республика аумағында тыйым салынған қаржылық пирамида ашты. Аталған ұйымның Шымкент, Түркістан, Астана, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында құрылымдық филиалдары болды. Кеңселерде олар жаңа инвесторлар тартумен де айналысқан» деп хабарлады сот.
Ұйымдастырушылар жарнамалық науқан жүргізіп, кірісі жоғары инвесторларды тартып, салымшылар санын ұдайы арттырып отырғаны айтылды. Экономикалық қызметке лицензиясыз салымшылар тартумен, валюта нарығында ойдан шығарылған инвестициялық операцияларды ұсынумен айналысқан.
«Бұл әрекеттер 1345 жәбірленушіге аса ірі көлемде 6 миллиард 136 миллион 223 мың 773 теңге залал келтірді» деп нақтылады сот.
Қылмыстық істі қарау кезінде сот шын өкіну түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, бес сотталушының асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа алғаш рет тартылуды анықтады.
Сот үкімі бойынша 16 адам аса ірі көлемде қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқару және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыруда делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 15 айыпталушы 6 жылға және 2 адам 6 жыл 8 айға дейінгі мерзімге соттталды.
Тағы бір айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық