Алматыда қарақалпақстандық азаматтық белсенді ұсталды
Суретте: Раиса Худайбергенова / Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасы
Алматыда қарақалпақстандық азаматтық белсенді Раиса Худайбергенова ұсталды. Бұл туралы Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасы хабарлайды.
2022 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 18:30-да тағы қарақалпақстандық азаматтық белсенді Худайбергенова Раиса Атабайқызы Алматы қаласының маңында ұсталды. Ұстау КазЦик ауылындағы Бұқар жырау көшесі 1в пәтерде орналасқан Нұрадин Досжанов атындағы медициналық орталықта жүргізілді. Мұнда Худайбергенова жоғары санатты кардиолог дәрігер болып жұмыс істейді.
— Ұстауды науқастарды қабылдау кезінде азаматтық киімдегі үш адам жүргізді. Біреуі өзін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен — лейтенант Расулов Айдос Сыдықұлы деп таныстырды. Қалған екеуі өздерін таныстырмай, Өзбекстаннан келген қызметкерлер екенін айтты, — дейді Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасы.
Еске салсақ бұл соңғы екі күнде Алматыда қарақалпақ диаспорасы өкілдерінің үшінші рет ұсталуы. Бұған дейін де Қарақалпақстанның тумасы Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетов ұсталған болатын. Өзбекстан билігі оларға екі бап бойынша айып тағып отыр: 159-бап «Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылысына қол сұғу» және 244/1-бап «Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін материалдарды дайындау, тарату және көрсету». Ташкент оларды Өзбекстанға экстрадициялауды талап етуде.
—Үстіміздегі жылдың шілде айында Қарақалпақстандағы билік тарапынан аяусыз басылған наразылық акцияларынан кейін Өзбекстанның құқық қорғау органдары өкілдері Алматыға келіп, қарақалпақ диаспорасының белсенді азаматтарынан жауап алған болатын. Әртүрлі деректер бойынша Қарақалпақстаннан шыққан азаматтардың 10-15-нен жауап алынды. Қазіргі уақытта олардың үшеуі ұсталды, мүмкін, қамауға алу жалғасады, - дейді қарақалпақ диаспорасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық