Алматыда полицейлер алып кеткен ер адам мәйітханадан табылған
Алматыда 9 қаңтар полицейлер үйінен алып кеткен Жасұлан Анафияевті жақындары мәйітханадан тапқан.
31 арнаның хабарлауынша, марқұмның жақындары оны тоғыз күн бойы түрмелерден іздеген. Сенім телефоны арқылы оның мәйітханада екенін білген.
Марқұмның артында әйелі мен алты баласы қалған. Олар жалдамалы пәтерде тұрып, енді ары қарай күндерін қалай көретіндерін білмей отыр.
«Осындай азамат бар ма десем, ол өліп қалды дейді. Мен оны бер жақта естіп тұрмын. Оны сау күйінде алып кетті ғой, аяқ-қолы балғадай» дейді марқұмның әйелі Гүлзия Омарбаева.
48 жастағы Жасұланның денесі мәйітханада жатқан.
«Жасұланның 5 қаңтар күні шеруге шыққаны рас. Арандатушылардың кесірінен әскерилер жаралана бастағанда, оларды қорғап, ауруханаға жеткізуге жүгіріп, көмектескенін өзі де айтқан еді» дейді оның жесір қалған әйелі.
Марқұм әйеліне көтеріліс кезінде сарбаздарға көмектескенін айтқан.
5 қаңтарда түсірілген видеодан марқұм Жасұланның полицейлердің жерге тастап кеткен қаруларын алмауға шақырғанын естуге болады.
9 қаңтар Жасұлан Анафияев досының үйіне шығып кеткен. Сол Ақбұлақтағы үйден оны арнайы жасақ алып кеткен. Содан кейін оны жақындары таппаған.
Әйелі күйеуінің түрін мәйітханада бастапқыда танымай қалған.
«Хайуанды да олай ұрмайды. Бас сүйегі, мұрны кіріп кеткен. Сүйегі қозғалып кеткен. Қан ұйып қалған. Қабырғалары сынған. Аяғының саусағына дейін бір сау жері жоқ» дейді Гүлзия Омарбаева.
Құжат бойынша марқұмның өлімінің себебі панкреатит. Ал полиция департаментінде жедел жәрдем өлім себебін жүрек жетіспеушілігі деп қойғандықтан, сараптама тағайындалғанын түсіндірді. Сараптама қорытындысы әлі шықпаған.
Енді Гүлзия алты баласымен жалдамалы пәтерде отыр. Пәтер құнын қалай төлейтінін білмей басы қатқан. Себебі, оның науқас қызы бар. Ал кенже балалары небәрі он айлық сәби.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық