Алматыда науқас адам хирургтың киімі мен ақшасын ұрлап кеткен
Алматыдағы ауруханалардың бірінде науқас дәрігердің күртешесі мен аяқ киімін ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда 30 жастағы ер адам медициналық көмек алған күннің ертесі ауруханадан қашып кеткен. Науқас өзінің жылы киімі мен аяқ киім болмағандықтан, құры кетпей, қызметкерлер бөлмесіне кіріп, дұрыс келген киімді іле кеткен.
«Ол өзіне шақ келетін киімді: қалтасында ақшасы бар күрте мен аяқ киім ала кеткен. Бұл осы мекемедегі хирургтың заттары болып шықты. Күдікті бейнебақылау камераларының, сондай-ақ саусақ ізі арқылы және жеке басты анықтауға мүмкіндік беретін арнайы базаның көмегімен анықталды. Қылмыскерді ізін суытпай ұстадық. Дегенмен ол ақшаны жұмсап үлгерген» дейді Медеу аудандық ІІБ полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Дәрігердің заттары қайтарылды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Бөтеннің мүлкін ұрлау» бойынша тергеу басталды. Ұсталған азамат қылмысын бірден мойындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық