Алматыда мыңнан астам полиция қызметкерлері екпе алды
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова брифингте айтты, деп хабарлады ORDA.
— Біз 1 ақпанда басталған вакциналаудың бірінші кезеңін аяқтадық. 1624 медицина қызметкері Sputnik-V препаратының екі компонентін алды. Екінші кезең 1 наурызда басталды, тағы 10 800 доза Алматыға жеткізілді. Вакциналаумен 39 қалалық емхана айналысады. Бірінші аптада «тәуекел аймағындағы» медицина қызметкерлері вакцинациядан өтті. 10 ақпанда біз мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне вакцина жасай бастадық. Қазіргі уақытта 338 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 658 полиция мен білім беру қызметкерлері екпе алды, деді ол.
Ибрагимованың айтуынша, Наурыз мерекесінен кейін 16 мыңнан астам доза вакцина келеді. Жақын арада студенттерді вакциналау басталады.
Спикер антиденелер туралы сұраққа да жауап берді.
— Антиденелер 42-ші күні түзіледі. Клиникалық зерттеулер жүргізілуде. Өндірушінің ақпараты бойынша иммунитет бір жылдан екі жылға дейін сақталады. Егер адам ауырып жатса, оған сауыққаннан алты ай өткенен кейін екпе салуға болады, деді ол.
Ибрагимова вакцинаның қорғанысы жоғары екенін, тіпті инфекция болған жағдайда да, вакциналанбаған адамдарға қарағанда ауру жеңіл түрде жүретінін баса айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық