Алматыда мопед ұрлаған ер адам полицейді сүйретіп әкетті
ЖИ көмегімен жасалған иллюстрация
Алматыда мопед ұрлаған адам қашып бара жатып, өзін ұстап үлгерген полицейді жол бойымен сүйреткен күйі жүріп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Төле би көшесінде болды. Екі ер адам тұрғын үй ауласында тұрған мопедті айдап кеткен. Ұрлық туралы хабар түскен соң, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, сол маңды тексере бастайды. Күдіктілердің бірін байқаған полицей соңынан қуған. Ал екіншісі мопедті айдап қашпақ болғанда полицей оны ұстап үлгереді. Алайда, күдікті тоқтамай, полицейді бірнеше метрге дейін жол бойымен сүйреп әкеткен.
Ақырында, мопед жолда басқа көлікке соғылған соң күдікті қолға түсті. Жарақат алған полицей сол жерде оның қолына кісен салды.
Қазір күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық