Алматыда митинг: Қазақстан жеріне Қытай зауыттарын кіргізбейміз!
Бүгінгі митингке жиналғандардың басты талабы осы деп хабарлады оқиға ортасында жүрген Orda.kz. тілшілері.
Соңғы жылдары Қазақстанда Қытаймен ортақ жобаларға қарсы наразылық акциялары жиі өтуде. Бұған ел билігінің Қазақстанға Қытай инвестициясын тарту туралы бастамалары себеп. Белсенділердің көпшілігі Қазақстанның 2023 жылға дейін Қытайдың қатысуымен 56 зауыт не кәсіпорын салынатынына, оның ішінде келісімнің жалпы құнының 25 миллиард доллардан астам екендігіне наразы.

Қазіргі уақытта полицияның кедергісіне қарамастан жиналғандар саны арта түсті. Жиналғандар саны түстен кейін 300 жуықтап, халыққа белгілі белсенділер де келе бастады. Митингке жиналғандар арасында Балташ Тұрсынбаев, Гүлжан Ерғалиева, Ермұрат Бапи, Рысбек Сәрсенбайұлы бар.
— Мен өзім жеке қасымдағы адамдардың барлығын алып келем. Тәкаппарлыққа бой алдырмай, барлығыңыз қатысыңыздар. Отанды қорғау, мемлекетті қорғау барлығымыздың борышымыз, - деді Жанболат Мамай.
Одан кейін ол сөзді белгілі қоғам қайраткері «Ел мен жер» қозғалысының төрағасы Балташ Тұрсынбаевқа берді.
— Құрметті қазақ халқы, құрметті қазақстандықтар! Бүгін жиналып, жігерленіп, ұлтқа жандарың ашып, минингке келгендеріңе рахмет айтамын. Егер билікке мінездеме берсек: бұл билік – сатқын, бұл билік – жемқор, бұл билік – ұры! Осы үш сөз жетеді!, - деді Балташ Тұрсынбаев.
Сонымен қатар Балташ Тұрсынбаев елімізде Қытай зауыттарын салуға қарсылығын білдірді. Олар алып келсе, бізге жаңасын бермейді, 70-ші жылғы ескірген технологияларын әкеледі, 27 млрд емес, әрі кетсе, 2-3 млд тұратын зауыт әкеледі. Егер біз өзімізді ұлт деп санасақ, алаңға апта сайын шығып, билікке осы жан айқайымызды жеткізуіміз керек дегенді алға тартты белсенді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық