Алматыда метро салушылар ереуілге шықты
Алматы метрополитенінің құрылысшылары 12 шілдеде жалақының екі есе өсуін талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты.
Бұл туралы Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Метро салушылардың қазіргі жалақысы 50-90 мың теңге аралығында.
– Бізге жалақы мен жәрдемақыны екі есеге көбейту керек. Бәрін тартып алды. Тасымалдайтын көлік те жоқ. Біз билікке жүгіндік. Олар есептер ескі, оны қарап, жаңартуымыз керек дейді. Жұмыс ауыр. Біз зілдей ауыр заттармен жұмыс істейміз. Жабдықтың бәрі ескірген. Тунельге кірсе болды, түтін шығарады, - деді жұмысшылардың бірі Анатолий Дерябин.
Құрылысшылар бірнеше жылдан бері осындай жағдайда жұмыс істеп келеді. Олар бұған дейін ешқандай шағым түсірмеген, себебі жалақылары жетіп тұрды. Қазір тамақ пен киім қымбаттап, алатындары түк болмай қалған.
Құрылысшылар жер астында екі жер асты стансасын салып жатыр. Егер жұмыс беруші олардың шарттарымен келіспесе, олар жұмыстан шығамыз деп отыр.
«Алматыметроқұрылыс» бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ. Сондықтан, жалақы көтеріле ме, көтерілсе, үстіне қанша қосылатыны белгісіз. Жобаның тапсырыс берушісі - «Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорны.
Тапсырыс беруші - «Метрополитен», бас мердігер - «Алматыметроқұрылыс». «Метрополитен» «Алматыметроқұрылыс» орындаған жұмыс үшін ақыны нақты аяқталған жұмыс актісі негізінде төлейді. Осы жылға 10,3 млрд теңге бөлінген. Біз мердігердің шаруашылық қызметіне араласпаймыз, - деп түсіндірді «Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорны директорының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары Ғани Сағденов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық