Алматыда мемлекеттік қызметкер пара алғаны үшін айып арқалады
Алматы қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Антикордың хабарлауынша, сот үкімімен Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы А.К.Қапаров Қылмыстық Кодекстің нің 366-бабының 3-бөлігі, 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
«А.К.Қапаров еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға кедергісіз және жедел қол қою үшін оқу орталықтарының өкілдерінен бірнеше рет 150 000 теңгеге дейін пара алған» делінген хабарламада.
Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 819 740 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық