Алматыда мемлекеттік қызметтшілер спорттан миллиондарды жымқырды

Алматыда мемлекеттік қызметшілер спорттағы миллионды жымқырғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласының Медеу аудандық соты спорт саласындағы миллиондаған ұрлыққа қатысты 3 фигурантқа үкім шығарды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров ведомствода өткен брифингте хабарлады.
Сот алдында спорт басқармасының экономика және қаржы бөлімінің басшысы мен қалалық Олимпиадалық резерв даярлау орталығының 2 есепшісі отырды. Олар бюджеттен 171 миллион теңгеден астам қаржыны «жоқ тұлғаларға» жалақы мен басқа да төлемдер ретінде аудару арқылы ұрлаған. Сотталушылар 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сонымен қатар, экономика және қаржы бөлімінің басшысы мемлекеттік және қаржылық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан шектелді, ал есепшілер 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды», – деп қосты Бекайдаров.
Жаңалықтар
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың теңге өндіріп алмақ
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды