Алматыда Мейіржан Төребаевпен бірге күдікке ілінген вайнерге іздеу жарияланды
Алматы полициясы вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің орынбасары Рустам Әбдірахманов.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында (қаржылық пирамидалық құрылым жасау және басқару) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Қырғызстан Республикасының тумасы Саидбаев Әзімжан Алымжанович, 30.09.1986 ж.т. іздестірілуде. Ол қамауға алынуы тиіс. Іздеудегі адам туралы мәлімет білетіндер +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондарына хабарласуларын сұрайды» деп жазды Әбдірахманов.
Еске салсақ, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Төребаев пен Шерниязов кепілмен босатылды. Тергеушілердің айтуынша, вайнерлер Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде табыс тауып отырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық