Алматыда марафон қатысушыcы қайтыс болды
Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Алматы марафонына» қатысушы 47 жастағы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өте салысымен жан тәсілім етті.
— Оқиға сағат 09.35-те болды. Рүстем 10 шақырым қашықтыққа жүгірді. Ол тіркелу кезінде 8743 нөмірін алған, – деді Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.
Дәрігерлердің айтуынша, қатысушы Республика алаңында мәре сызығын әрең кесіп үлгеріп, бірден құлаған. Олар оған медициналық көмек көрсетуге тырысты.
— Қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері мен Қазақстанның Қызыл Жарты Ай еріктілері алғашқы медициналық көмек көрсете бастады, содан кейін жүрек-өкпе реанимациясы (жүрекке жанама массаж, ауа өткізгіші арқылы Амбу сөмкесімен тыныс алу, бірнеше рет дефибрилляция, адреналин инъекциялары) жүргізілді. Алғашында жүрек жұмыс істей бастады, синусты ритм пайда болды, 2 минуттан кейін жүректің екінші рет тоқтауы болды. Реанимация 30 минут бойы жалғасты, оның соңғы 10 минуты жедел жәрдемде болды. Ал 10:15-те біз ол кісінің қайтыс болғанын тіркедік. Ресми себебін тек сот-медициналық сараптамадан кейін ғана айтуға болады, – дейді мәре сызығындағы кезекші дәрігер Оразбек Сахов.
Марқұмның туыстарының айтуынша, ол жүгіру шарасына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол сәуірде Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы Алматы марафонында, сонымен қатар 10 мың шақырымдық жарыстарға қатысқан.
Байқауды ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Олар мәйітті Рүстем жарысқа қатысу үшін арнайы келген Астана қаласына жеткізуге қаржылай көмек көрсетеді.
Бүгін Алматыда өткен марафонға Қазақстаннан, сондай-ақ әлемнің 30-дан астам елінен, соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Кения, Германия, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 15 және одан жоғары жастағы 12 мыңға жуық әуесқой спортшы қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық