Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғау акциясы өтті
Алматыдағы Уәлиханов алаңында түрлі топтағы мүгедектер наразылық білдіруге жиналды.
Жиналған шағын топ мүгедектерге берілетін жәрдемақыны көбейтуді, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін дәрі-дәрмек бағасын төмендетуді талап ететін плакаттар ұстап тұрды.
Наразылық білдірушілер министрлер кабинеті өз міндеттерін орындай алмай отыр деп есептейді. Олар мүгедектерге төленетін жәрдемақыға өмір сүру мүмкін еместігін, ал кейбіреулеріне мемлекет кепілдік берген медициналық көмек мүлде көрсетілмейтінін айтып, шағымдарын білдірді.
Жиналғандар алдына өзін Алматы қаласы әкімдігінің өкілімін деп таныстырған Өсербаев Асхат есімді азамат шықты.
— Осыған дейін бұл жерге «Кәсіпқой жастар қоғамы» республикалық бірлестігінің төрағасы Жиенбаев Мұқан деген кісі хабарлама қалдырған болатын. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, ол кісілермен бүгінгі сағат 12 мен 15 аралығында митинг өткізу туралы келісілген. Алайда 25 қраша күні ол кісі өз өтінішімен бүгінгі митингіні өткізуден бас тартатындығы туралы ресми түрде ескертті. Сондықтан, бүгін мұнда ешқандай митинг болмайды. Заңсыз митинг үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, осыған орай бұл жерден тарауларыңызды талап етеміз - деді ол.
Белсенділердің бірі осындай жағдай жалғаса берсе, өлімнен басқа амалы жоқ екенін мәлімдеді. Шараның негізгі ұйымдастырушысы өзі келмеген. Оған сенген шағын топ аталған орынға жиналған.
— Дәрі қымбат, азық-түлік қымбат. Адамның өмірінен басқасының бәрі қымбат, осы күні адам өмірі бәрінен де арзан болып қалды. Бізге болашақ керек, немерелерімізге болашақ керек, - дейді жиналған белсенділердің бірі Бейсенбаева Раушан.
Жиналғандар шеру өткізу туралы билікке өтініш білдірмеген, сондықтан полиция қызметкерлері олардың заңсыздыққа жол бермей, үйлеріне қайтуларын сұрады.
Полиция қызметкерлерінің өтінішіне құлақ асқан топ тарап кетті.
Оқиға орнынан хабар таратқан - Orda.kz тілішісі Жандос Мәдениет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық