Алматыда қыздан ақша бопсалап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болған жасөспірімдер сотталды
Фото: pixabay.com
Алматының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тонау, бопсалау және пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша күдіктілерге үкім оқылды.
"Былтыр көктемде сотталушылар – Т. және Н. жәбірленуші С.-ны жалдамалы пәтерге алып барған. Олардың мақсаты бір болған – қоқан-лоққы, физикалық зорлық-зомбылық көрсету арқылы одан 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алу, сондай-ақ жәбірленушіге ақшаны екі сағат ішінде іздеп табу керек деген шарт қойған" деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Жәбірленуші ақшасы жоқ екенін және оны іздеуге 2-3 күн кететінін айтады. Бұдан соң сотталушылар С.-ны ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсу арқылы ақша табуға мәжбүрлеу туралы шешім қабылдаған. Олар өздерінің ойға алған әрекеттерін жүзеге асырған: түн ортасынан кейін пәтерге жәбірленуші С.-мен жыныстық қатынасқа түскісі келген ер адам келеді.
Осы кездесудің "ұйымдастырушылары", сотталушылар – Т. және Н. жәбірленушіні пайдалану мақсатында, яғни ер адамдарға интимдік қызметтер көрсету үшін оны пайдалану және тапқан ақшаны иемдену мақсатында оны пәтерде қамап ұстаған.
Дегенмен істің бағыты басқаша өрбиді. Жәбірленуші пәтердің есігі құлыптаулы екенін көріп, әрі бөтен ер адаммен жыныстық қатынасқа түскісі келмей екінші қабаттан секіріп кеткен. Қыздың денсаулығына орташа ауыр зиян келді.
Прокурор кінәлілерге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар өз кінәсін мойындамады.
Сот үкімімен Т. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды, оған 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Н. да тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды, оған 5 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот сотталушылардан жәбірленушінің пайдасына ортақ тәртіпте моралдық залалды өтеу есебінде 3 млн теңге және адвокаттың қызметіне жұмсалған шығындар үшін әрқайсысынан 600 мың теңгеден өндіріп алды. Сот сотталушылардың жас екендіктерін жазаны жеңілдететін жағдай деп таныды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық