Алматыда курьерлер тағы да ереуілге шықты. LIVE
Фото: Orda.kz
Алматыда Wolt компаниясының 50 курьері жалақыларының 30% төмендеуіне байланысты қайтадан ереуілге шықты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Курьерлер үш талап қойып отыр:
- Ескі төлем жүйесін қайтару
- Бір шақырым тегін жүруді алып тастау
- Бағдарламадағы 40 курьерді қайта жұмысқа алу
Кеше Wolt жүйесінде өткен аптаның ортасында ереуілге шыққан 40-қа жуық курьер бұғатталды. Компания бұл шешімді курьерлердің басқа қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретіндігімен түсіндірді. Кейбір курьерлерге қолма-қол төлеу арқылы тапсырыстарды қабылдаудан бас тартуына байланысты платформаға кіруге тыйым салынды.
Наразылық білдірушілердің айтуынша, басшылық мұны реттеп беруге уәде берген, бірақ ештеңе өзгермеген. Сондықтан олар өздерінің талаптарын білдіру үшін компания кеңсесіне жиналды.
Компанияның өкілі ереуіл басталғанына 20 минут өткеннен кейін наразылық білдірушілердің алдына шығып, ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтып, есікті жауып алды.
Компания менеджері белсенділер мен журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.
Wolt басшылығы есікке келіп тұрған белсенділер мен бірнеше журналисті елейтін емес.


Orda.kz журналисі басшылықты барлығының көзінше шақыруды өтінді, бірақ компания менеджері бас тартты.
Бір апта бұрын 100 курьер Финляндиядағы бас кеңсеге шағым жіберді, бірақ жауап әлі келмеген.
Барлық курьерлер қайтадан кеңсеге барды.
Қоғамдық даму бөлімінің өкілі Бекжан Сәрсенбаев наразылық білдірушілерге қазір Wolt басшылығы шығып, Финляндиямен келіссөздердің нәтижелерін жариялайды деп уәде берді.
Барлық наразылық білдірушілер іскерлік орталық ғимаратына кіруге тырысты, бірақ күзетшілер оларды кіргізбеді.

Алмалы ауданының әкімі ереуілге шығушылардың алдында курьерлерге бұрынғы төлем жүйесі қайтарылатынын айтты.
Оқиға орнында Orda.kz тілшілері бар. Бұл материал тікелей эфирде толықтырылып отырады.
Еске салсақ, 12 мамырда лматыда Wolt курьерлерінің ереуілі өтті. Олар жалақының төмендеуіне наразылық білдіріп, бұрынғы жалақы жүйесін қайтаруды талап етті. Orda.kz еңбек заңгерінен мән-жайға түсініктеме беруін сұрады.
М. С Нәрікбаев атындағы Университеті Еңбек және әлеуметтік құқық орталығының жетекшісі, адвокат Мүслім Хасенов бұл жаһандық проблема деп санайды. Бұлтты немесе платформа қызметкерлері, яғни курьерлер, такси жүргізушілері еңбек келісімінсіз жұмыс істейді. Яғни, олардың құқығы мүлдем қорғалмаған. Заңды түрде олардың наразылығы ереуіл емес, заңсыз бейбіт жиын.
Авторы: Асем Гумарова, Карина Закарина
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық