Алматыда коронавирустың британдық және Оңтүстік Африка штамы таралуда
Алматыда коронавирустың британдық және Оңтүстік Африка штамы анықталды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді деп хабарлады Orda.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
— Жаңа штамдар өте тез жұғады. Алдыңғы штаммен салыстырғанда жаңа штамның жұғу деңгейі 70 пайыздан жоғары. Соңғы уақытта қаладағы ауру жұқтырудың өсіп кеткені осыған байланысты, - деді Бекшин.
Қазір Алматы қаласы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта. Жыл басынан бері қалада 12 800 адамнан коронавирус анықталған. Бас санитар дәрігердің айтуынша ауру жұқтырған балалар мен жастар көбейіп, осыған байланысты коронавирустың жаңа штамын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
— Былтыр ауырғандардың көбі 1980 жылдан бұрын туғандар болса, биыл – 1990 жылдан бұрын туғандар. Мектепке дейінгі балалар арасында ауырғандар екі есе артты. Мектеп оқушылары арасында ауырғандар үш есеге жетіп қалды. Бұл жаңа штаммның жылдам жұғатынының белгісі, - деген болатын Бекшин.
Бекшиннің айтуынша, Алматыда британдық штамның пайда болуына Түркия арқылы түрлі елдерден оралған отандастарымыз себеп болуы мүмкін. Өйткені Стамбул әуежайлары «жер шарының оңтүстік бөлігі үшін негізгі хаб» болып тұр.
25 наурыз күнгі мәлімет бойынша, қаладағы 12 550 адамға коронавирусқа қарсы екпе салынған. Алматы билігі халықты жаппа екпе салу үшін «Спутник V» вакцинасының ірі партиясын күтіп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық