Алматыда колледжге түсу талаптарына өзгеріс енгізілді
21-24 тамыз аралығында колледжге түсу үшін конкурстың бірінші кезеңі өтеді. Колледжге түсу талаптарына өзгеріс енгізілді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Арнайы емтиханды тек педагогикалық, медициналық пен шығармашылық мамандықтарына түсуші талапкерлер ғана тапсырады. Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы хабарлады.
Жаңа талап бойынша, медициналық мамандыққа түсу үшін психометриялық тестілеуден өту керек.
Ал педагогикалық мамандықтарға түсушілер кәсіби жарамдылықты растау үшін арнайы емтихан тапсырады.
«Сәулет», «Дизайн» мамандықтарына түсу үшін бірінші сурет салудан, кейін композициядан шығармашылық емтихан тапсыру керек.
Ал басқа орта буын мамандарына (технологтар, техниктер, сервис) оқуға түскісі келетіндер арнайы шығармашылық емтихан тапсырмайды. Онда конкурс бейіндік пәндерінің бағаларын саралау арқылы өтеді.
Колледждерге түсуге 9-сынып бітіруші түлекке конкурс 21-24 тамыз аралығында болады. Ал 11-сынып түлектері үшін конкурс 25-28 тамыз аралығында өтеді.
Баға есептеу:
- 9-сынып талапкерлеріне 25 тамызға дейін;
- 11-сынып талапкерлеріне 29 тамызға дейін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық