Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 120 теңгеге дейін көтеріледі
Фото: Orda.kz
Алматы қалалық мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көтеруді мақұлдады.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматыда 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі күн сайын 2,3 мыңға жуық автобус пен 184 троллейбус қатынайды. Қоғамдық көліктегі сапарлар саны күніне 1,5 миллионнан асады.
Қалалық ұтқырлық бөлімінің басшысы Сағындық Телібаев 2023 жылдың тамыз айында тарифтің 100 теңгеге дейін көтерілуі тасымалдаушылардың жөндеу, қосалқы бөлшектер сатып алу сияқты барлық шығындарын өтей алмайтынын айтты. 2023 жылы әкімдік 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алса, 2024 жылы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарлануда. Жеке тасымалдаушылар да жылжымалы құрамды белсенді түрде жаңартуда.
Алматыда 178 тұрақты бағыт бар, 2024 жылы қала маңындағы қосымша 20 бағытты ашу жоспарлануда. Кейбір бағыттар бойынша тасымалдаушылардың нақты шығындары 310 теңгеден асады, әлеуметтік маңызы бар бағыттарды әкімдік субсидиялайды. 2017-2023 жылдар аралығында 217,6 млрд теңге субсидия төленсе, 2024 жылы 97,3 млрд теңге субсидия төленеді деп болжануда.
Мәслихат шешімінен кейін, тариф бойынша жаңа баға қала әкімдігінің қаулысымен түпкілікті бекітіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық