Алматыда келіншектің басына бала емізіп отырғанда оқ тиген
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде көлікте бала емізіп отырған келіншектің басына оқ тиген.
Мұндай ақпаратпен журналист Гүлмира Әбіқай бөлісті.
Белгілі болғандай, 5 қаңтар отбасы балаларына дәрі алу үшін көлікпен шыққан.
«Бүркітбаевтар бір-ақ күнде қара жамылды. 5 қаңтарда қызуы көтеріліп мазасызданған 7 айлық Нұрымға дәрі алуға шыққан отбасы анадан айырылды. 35 жастағы Жанар кішкентайын емізген күйі басына оқ тиіп мерт болды. Азан-қазан жылаған бала, қанға бөккен бөпе, есеңгіреген отағасы. Сол күйі қаладағы қайын әпкесіне барады. Олар түсінбей, абдырап, бірінші кезекте жедел жәрдем шақырған, бірақ олар келмеді. Жарын өздігінен 4-ші ауруханаға апарғанда, «оқ басын тесіп ми ішінде қалды, азаматша сол мезетте-ақ жүріп кеткенін» айтқан деп жазды Гүлмира ханым.
35 жастағы Жанардың жары оқ тиген кезде рөлде болғанын айтты.
«Назарбаев көшесімен төмен түсіп келе жатқанбыз. Оқ дауысы естілмеді. Оқ тиген кезде келіншегімнің қолында балам болған. Бір кезде түтін шыға бастады. Артыма қарасам, әйелім қисайып жатып қалыпты. Оқтан қашып, тағы 50 метр төмен түстім. Көлікті тоқтатып, әйелімнің жарақатын қарасам, басына оқ тиіпті» деді Сұлтан.
Отағасы жарының өліміне қатысты іс көтеріле ме деген ниетте қанға боялған көліктің ішін жумаған.
«Көлікті ашсам, басы езіліп кеткен. Жанында үш баласы еңіреп отыр. Снайперлік оқ емес, автоматтың оғы екен деп ойладық. Баланың киімі қан-қан. Бірнәрсе болды ма деп шешіндірейін десем, әшнәрсе көрінбейді. Жедел жәрдем шақыртып едік, келмеді» дейді марқұм келіншектің туысы.
Енді 35 жастағы Жанардың артында төрт баласы қалды, ең кенжесіне – 7 ай.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық