Алматыда Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы ойынға арнайы автобустар шығады
Фото: Orda.kz
13 қазанда Алматыда Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы ойынға тегін экспресс-маршруттар ұйымдастырылып, арнайы автобустар жолға шығады. Сонымен қатар, Орталық стадион арқылы өтетін қалалық маршруттар көбейтіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жолаушылар ағынының артуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Орталық стадион арқылы өтетін № 34, 92, 118, 120, 120а, 79, 121 маршруттары күшейтіледі», деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, тегін экспресс маршруттар ұйымдастыру үшін келесі бағыттарға қосымша сегіз автобус бөлінеді:
• «Шұғыла-Сити» тұрғын үй кешені – Орталық стадион»;
• «Халық Арена аялдамасы – Орталық стадион»;
• «Алатау» театры аялдамасы – Орталық стадион»;
• «Алматы-1» теміржол вокзалы – Орталық стадион»;
Автобустар стадионға қарай 16:00-де, ал қарсы бағытта 20:30-да шығады.
Орталық стадионнан қозғалған кезде автобустар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің ортасындағы Байтұрсынов көшесіндегі тұраққа орналасады. Сондай-ақ, 2GIS қызметінде экспресс-маршрут жинау пункттерінің орындары белгіленетін болады.
Билеті бар азаматтардың жеке басын куәландыратын құжатқа (жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі) сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана стадионға кіруге болады.
Алматының Орталық стадионында 13 қазан күні сағат 18:00-де УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясындағы Қазақстан мен Словения арасындағы ойын өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық