Алматыда Қазақстан мен Қытай СІМ басшыларының келіссөздері өтті
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Оңтүстік астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық диалогтың екінші отырысы өтті, деп хабарлады Orda.kz.
Келіссөздерге Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен ҚХР СІМ басшысы Ван И қатысты.
Тараптар саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық 43,8 млрд долларға жетті. Қазақстан мен Қытай бұл көрсеткішті таяу жылдары екі еселеуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта бірлескен инвестициялық пул 66,4 млрд долларлық 224 жобаны қамтиды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрліктері арасында 2026-2028 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, олар Гуанчжоуда Қазақстанның бас консулдығын құру туралы ноталармен алмасты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық