Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді

cover

Бүгін, яғни 4 қыркүйек күні  Алматыда бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантинді жеңілдету туралы жаңа қаулысы күшіне енді, - деп хабарлайды Orda.kz.

Қаулыға сәйкес, 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері жұмыс істей алады. Қарапайым Ashyq қатысушылары - 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары - 02.00-ге дейін мәртебесі «жасыл» адамдарды ғана нысанға  кіргізеді. 

Ал 6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері қарапайым Ashyq қатысушылары үшін жұмыс уақыты 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары үшін 02.00-ге дейін ұзартылады.

Бұған дейін Бекшин өзінің қаулысына сәйкес көптеген бизнес нысаны демалыс күндері «жасыл» мәртебесі бар келушілерге ашылатынын алдын-ала хабарлаған болатын.

Алайда екпе алмаған немесе жақын уақытта ауырмаған мәртебесі «көк» адамдар бұл нысандардың көпшілігіне жіберілдмейді. Алматының бас санитарлық дәрігері соңғы жеті күнде нәтижесі теріс ПТР-тесті бар немесе медициналық анықтамасы бар адамдарға дв  «жасыл» мәртебе берілетінін айтты.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар