Алматыда кәсіпкерлерден ақша алғандарға қатысты тергеу басталды
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында «Нур-Султан Пром Безопасность» ЖШС мекемесінің қызметкерлеріне қатысты тергеу соты басталды.
Сот тергеуді 24 эпизод бойынша жүргізіп жатыр.
Оқиға қалай болған?
2 ақпан күні «Нур-Султан Пром Безопасность» ЖШС мекемесінің қызметкерлері Наурызбай ауданында орналасқан жеке кәсіпкерлердің дүкен, дәмхана, кафелеріне келіп белгілі көлемде қаражат жинаған. Олардың бұл іс-әрекетінің заңсыз екенін, келісім-шарттарының жоқ екенін алдын ала білген арызданушы Алмасова Арзу оқиға орнына учаскелік полиция мен кезекші прокурорды шақырып, алаяқтыққа жол бермеген.
– Менің Алматы қаласы, Наурызбай ауданында үш мейрамханам бар. 2 ақпан күні мессенджердегі топтардың біріне Желдету және түтін шығару жүйесінің адамдары жүр деген хабарлама келді. Мен өз әкімшіме хабарласып, біздің де кафеге келуі мүмкін екенін, келген жағдайда маған хабарласуын ескерттім. Арада екі сағат өткен соң ол маған хабарласып, өрт қауіпсіздігіне қатыст адамдар келгенін айтты.
Мен келген кезде олар өздерінің қызметтерін ұсынып, келісімшарт толтырмастан акт толтыра бастады. Қызметтерінің құны 34 400 екенін, менің мүгедектігімді ескеріп 28 800 теңгеге түсіретіндерін айтты. Мен бәріне келіскендей болып, актқа қол қойып бердім. Сол уақытта мен алдын ала шақырып қойған учаскелік полиция мен кезекші прокурор келіп, техник жігіттерді АІІД-не алып кетті.
Жәбірленушінің айтуынша, осы уақытқа дейін де түрлі ЖШС атын жамылып, жеке кәсіпкерлерден ақша жинап кететіндердің қатары аз болмаған.
– Жеті жыл бойы осылардың іс-әрекеттері заңсыз екенін біліп жүрдім. Бұған дейін де жеті рет арыз жаздым, бірақ қылмыстық құрамы жоқ деген желеумен барлығы мұрағатқа кетіп жатты. Осы жолы өзім бел буып, нақты дәлелдермен бірге оларды ұстадым. Учаскелік полициялар келген соң техниктердің қолында жүрген қағаздарын алып, сол жердегі кәсіпкерлердің барлығына хабарласып шықтым. Олар өздерінен ақша алғанын растады, барлығын кафеге шақырып, бірігіп арыз жаздық. Міне, нәтижесінде іс сотқа дейін жетті. Мен ешқандай кешірім бермеймін. Маған олардың ақшасы да, басқасы да керек емес. Тек осы және осыған ұқсас ЖШС-лардың алаяқтық әрекетіне жол берілмесе екен деймін. ЖШС-ның басшыларына қатаң жаза, ал қызметкерлерге жеңіл жаза сұраймын, - дейді Арзу Алмасова.
Сот БАҚ өкілдерінің сот отырысына қатысуына мүмкіндік бергенімен, айыпталушылардың қарсылығын сотта айтылған сөздерді және фото/видеоларды жария етуге болмайтынын ескертті.
Orda.kz сот нәтижесі шыққанға дейін барлық ақпараттармен бөлісіп отыратын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық