Алматыда ит пен аюдың еті сатылымға шықты
Алматыда қаңғыбас иттер мен хайуанттар бағындағы аюдың етін интернет сатылымға шығарғандар желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Бұл туралы хабарлама Telegram-арналарының бірінде жарияланды.
Olx.kz онлайн платформасында жақында Гүлжан атты фермер Талғар қорығынан тірі аю мен қаңғыбас иттерді етке сататыны туралы хабарлама жариялады.
Автордың емлесі мен тыныс белгілері сақталған:
«Талғар қорығынан аю сатамыз, барлық құжаттар бар. Ет кесіп сату үшін жақсы. Фермер Гүлжан» делінген хабарламада.
Аю бағасы 200 мың теңгеге белгіленген.
«Қаңғыбас иттерді етке, майға және т.б. сатамыз. Үйсіз иттер клубы иттерді етке, майға арзан бағамен сатады. Біздің ветеринарға хабарласыңыз» делінген екінші хабарламада.
Автор «баға» деген жерге 5 мың теңге деп белгілеген. Қазіргі уақытта сайттағы жарнамалар өшірілген. Хабарландырулар жойылғанымен, бірақ Instagram қолданушылары жазбаларды скриндеп үлгерген.
Сондай-ақ, қазақстандықтар бұл туралы Алматы полиция департаментіне хабарлап, аталған факті бойынша тексеру ұйымдастыруға уәде берген. Кейін Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбідрахманов тексеру басталғанын хабарлады.
Бұған дейін, француз киносының жұлдызы Брижит Бардо Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жануарларды қорғау туралы заң жобасынан 24-бапты алып тастауды сұрап хат жазды. Актриса жануарларды қорғау туралы жаңа заң жобасында көптеген жақсы ережелер бар екенін атап өтті. Алайда, қаңғыбас жануарларға қатысты олардың өлтірілуін заңдастыратын өте қауіпті баптар бар екенін атап көрсеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық