Алматыда IT-мамандықтарына сұраныс артқан
Алматыда бір жыл ішінде шамамен 35 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Дилара Иманқұлова хабарлады.
Қазіргі кезде жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағытта жүзеге асырылуда.
- Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. 2020 жылы 1005 адам 21 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберілді.
- Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, несиелер мен гранттар беру. Бұл салада өткен жылдың қорытындысы бойынша бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 1705 мемлекеттік грант және 154 микрокредит берілді.
- Жұмыспен қамтуға және еңбек ұтқырлығына ықпал ету арқылы еңбек нарығын дамыту.
– Бағдарламалар халықты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен кеңейтуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2020 жылға арналған Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы 34 855 адамды жұмыспен қамтыды, оның 10 958 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылды. 2021 жылы 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған, - деді Иманқұлова.
Қолда бар бос жұмыс орындары туралы сұраққа спикер IT-мамандықтарға сұраныстың артып келе жатқанын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық