Алматыда интернет-дүкенге алданғандар шағым түсірмеген
Оншақты алматылық қаладағы ірі интернет-дүкен кеңсесінің алдында жиналды. Олардың барлығы соңғы жылдары дүкеннен тұрмыстық техника, үйге арналған тауарлар және дәрі-дәрмек алып, қосымша ұтысқа ие боламыз деп үміттенген қала тұрғындары.
Бұл туралы Orda.kz Еуразия бірінші арнасына сілтей отырып хабарлады.
Дүкен қызметкерлері оларды жақсы хабармен қуантып, олардың лоторея жеңімпазы атанғандарын, пәтер және көлік тәрізді бағалы сыйлықтар ұтып алғандарын мәлімдеген. Одан кейін сыйлықты рәсімдеу үшін 200 000-нан 7 млн теңгеге дейін қосымша қаражат керек екеніне де сендіріп, ұтыс ойынына тартқан.
Алматы тұрғыны Марат Әденовтің айтуынша, ол үнемі осы аталған дүкеннен дәрі-дәрмек алып отырғандықтан оларға сенген.
— Маған KBT-store-дан хабарласып, елордадан пәтер ұтып алғанымды айтты. Алайда құжатты алу үшін жарты миллион теңге төлеуімді сұрады. Мен несие алып, ақшаны ұстаттым, кейіннен маған осы сомаға тауар алдыңыз деген хабарлама келді. Ешқандай пәтер жоқ, - дейді ол.
Екінші адам да дәл осылай алданғанын айтады.
— Маған тұрақты клиент екенімді айтып, ұтысқа қатысқанымды және 9,5 млн теңге тұратын көлік ұтып алғанымды айтты. Ол үшін 280 мың ақша жіберу керек деді. Енді көлік те, ақша да жоқ. Күтіңіз дейді, - дейді екінші бір қала тұрғыны.
Ұтыс аламыз деп алданып қалғандардың саны күн өткен сайын көбейе түсуде. артып келеді. Олардың көбі еліміздің әр өңірінде тұратын зейнеткерлер, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасы мүшелері. Олардың ақшалары қайтарылатыны да белгісіз. Әзірге полицияға бір ғана шағым түскен.
— Клиент белгілі бір тауарды таңдап, тапсырыс береді. Сол арқылы компания ұйымдастырған конкурсқа қатысады. Жыл көлемінде клиенттер ұтқан пәтерлерін алып отырады. Барлығының нөмірі бізде бар, - деді компания директорының орынбасары Ерік Тоғызбаев.
Ал компаниядағылар болса, ішкі тексеріс басталғанын, құнды сыйлықтар ұтысы шынымен де әр ай сайын болып жатқанын айтқан.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты