Алматыда халықаралық Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтті
Фото:Orda.kz
2025 жылдың 1–4 қазан күндері Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан алтыншы халықаралық Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтті.
Orda.kz тілшісі турнирге қатысып, көрермендердің қолдауы мен мұз үстіндегі тартысты сәттердің куәсі болды.
Осыған орай биыл Алматыға 18 елдің спортшылары ағылды. Турнирдің соңғы күнінде ерлер арасындағы жекелей сырғанаушылардың еркін бағдарламасы ұсынылды. Әлем чемпионатының жүлдегері Қазақстандық Михаил Шайдоров соңғы болып мұзға шығып, «The Fifth Element» фильмінің әуеніне сырғанады.
Мәнерлеп сырғанаушыларды қолдауға түрлі елдерден жанкүйерлер жиналды. Әр спортшының шығуын көрермендер жылы ықыласпен қарсы алып отырды. Бірақ Михаил Шайдоров мұзға шыққан сәтте, Halyk Arena шынайы қуанышқа бөленді — зал толассыз қол шапалақтап қошемет көрсетті , аренадағы қуат ерекше күшейді.


Шайдоров төрттік тулупта қате жібергенімен, үштік аксель мен төрттік сальховты ойлер арқылы орындап, сондай-ақ төрттік лутц пен флипті және аксель мен лутц комбинациясын таза орындады. Нәтижесінде ол 282,22 ұпай жинап, турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені грузиялық Ника Эгадзе (266,90) иеленсе, қола жүлде америкалық Джейсон Браунға (257,81) бұйырды.
Сондай-ақ, Мұзда билеу жарысында Грузия спортшылары атақты тренер Этери Тутберидзенің қызы Диана Дэвис пен Глеб Смолкин (193,14) бірінші орын алды. Екінші орынға америкалық Уна және Гейдж Браун (178,86) табан тіресе, үшінші орынды швед жұбы Милла Рууд Рейтан мен Николай Майоров (177,25) иеленді.
Жасөспірімдер арасындағы ерлердің жекелей сынында қазақстандық спортшылар толықтай жеңіс тұғырына көтерілді:
- бірінші орын — Артур Смағұлов (159,59),
- екінші орын — Никита Козлов (134,97),
- үшінші орын — Кенан Бердібаев (126,42).
Жеңімпаздарды Денис Тен атындағы қордың төрайымы , сонымен қатар атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасы Оксана Тен марапаттады.
Михаил Шайдоров жарыстан кейін жаңа маусымды Алматыда бастағанына қуанышты екенін атап өтті:
«Біршама ауыр болды, бірақ маусымды өз елімде, осы мемориалда бастағаныма өте ризамын. Өткен жылы да маусымымды Қазақстанда бастаған едім», — деді ол.
Ал америкалық Джейсон Браун осы жарысқа келуін ұзақ күткенін, қуанышын
«Мен бұл турнирге қатысу үшін бапкерлерімді қатты өтінген едім. Мұнда келгеніме өте қуаныштымын. Қала мені өте жылы қарсы алды, адамдар ұнады, эмоцияларым тек жағымды. Сондай-ақ, жарысқа қатысқан спортшылармен ортақ тіл табысу оңай болды», — деді спортшы.
Турнирден кейін Шайдоров алдағы жоспарларына да тоқталды. Оның айтуынша, алда оны Қытай мен АҚШ-та өтетін Гран-при кезеңдері күтіп тұр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық