Алматыда халықпен тығыз жұмыс істейтін мамандар түгел дерлік екпе алды
Атап айтсақ, учаскелік полицейлердің 94%-ы, медицина қызметкерлерінің 83%-ы және педагогтардың 99%-ы вакцина алды.
Қалада COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау белсенді түрде жалғасуда. Қала бойынша барлығы 247 104 адам екпе алды. Бүгінгі таңда қала аумағында 214 егу пункті жұмыс істейді, онда 1282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы қызмет көрсетеді. Оған қоса көшпелі мобильді бригадалар да өз жұмысын жалғастыруда.
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, халықпен өзара іс-қимыл барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында екпені өз еркімен алатын мақсатты топтар вакцинамен барынша қамтылғанын хабарлады.
Алматы қаласы бойынша басымдық берілген топтарды вакциналау көрсеткіштері:
• медицина қызметкерлерінің — 83,3% ;
• педагогтардың — 99,7%;
• учаскелік полицейлер — 94,4%;
• медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингенті — 65%;
• ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ қызметкерлері — 78% екпе алды.
Сонымен қатар, Ысқақованың айтуынша, алматылықтар коронавирусқа қарсы егу науқанына, әсіресе аға буын өкілдері жауапкершілікпен келуде. Қазірдің өзінде вакцинаны 65 жастан асқан 31 мыңнан астам азамат алды. Екпе алғандардың арасында 90 жастағы қарттар да бар.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, аға буын өкілдері вакцинаны жеңіл қабылдайды, жанама әсерлер байқалмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық