Алматыда Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды
Алматыда белгілі жазушы, әдебиеттанушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды, деп хабарлайды ORDA.kz тілшісі.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, елімізге танымал ақын, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады. Оны Қырымбек Көшербаев оқып берді.
— Алматы қаласында көрнекті жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Герольд Бельгер ескерткішінің бой көтеруі қазақ руханияты тарихындағы елеулі оқиға. Герольд Карлович саналы ғұмырында ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетін өркендетуге, қазақ тілінің қарыштап дамуына айрықша үлес қосты.
Қазақстан — Германия мәдениеттері арасына алтын көпір орнатып, Абайды Алмания жұртының тануына, Гетенің қазақ оқырмандарымен қауышуына көп еңбек сіңірді. Балалық шағынан дала демократиясын бойына сіңіріп өскен қарымды қаламгер ұлт руханиятындағы өткір де, өзекті мәселелерді әрдайым бүкпесіз айтып, қоғамда талқылап, олардың шешу жолдарын ұсынып отырды.
Ең бастысы, жазушы Герольд Бельгер өзінің өмірі мен өнері арқылы бірлігі жарасқан біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыру ісіне қалтықсыз қызмет етті. Алатаудың баурайында бой көтерген жазушының бұл ескерткіші еліміздегі бірлік пен татулықтың мызғымас белгісінің көрінісі ретінде бағаланып, өскелең ұрпақ өнеге алар тағылымды орынға айналатынына сенімдімін, - деп жазылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған хатта.
Ескерткіш Жамбыл мен Ш. Уәлиханов көшелері қиылысындағы саябаққа қойылды. Себебі, Герольд Бельгер үнемі осы саябақта жүргенді ұнатқан.
Ол Ресейдің Саратов облысында 1934 жылы 28 қазанда дүниеге келіп, 1941 жылы Сталиннің жарлығымен КССР-дағы барлық немістермен бірге Қазақстанға, қазақ ауылына жер аударылған. Қазақ тілін енді үйрене бастаған ол Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауылында қазақ орта мектебінде білім алған. Мектепті алтын медальмен аяқтай салысымен Абай атындағы Қазақ педагогика институтын және аспирантурасын тәмамдаған.
«Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» зерттеу еңбектерінің, жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-ке жуық жинақтардың авторы. Б.Майлин, Х. Есенжанов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Кекілбаев, Д. Досжанов, тағы басқа қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс тіліне, А. Раймген, Э. Кончак, Н. Ваккер, тағы басқа неміс ақын, жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды.
Жазушы 2015 жылдың ақпан айыда 81 жасқа таяған шағында өмірден озды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық