Алматыда фристайлдан әлем кубогы кезеңдері өтеді
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында келесі жылдың 8-10 наурыз аралығында шаңғы акробатикасы мен могул түрлерінен фристайлдан әлем кубогының кезеңдерін өткізу жоспарлануда.
«Біз қазірдің өзінде әлем чемпионаты кезеңдерін тұрақты түрде өткізудеміз. Фристайлдан әлем чемпионатын да осында өткіздік. Барлық жанкүйерлерді біздің спортшыларды белсенді түрде қолдауға шақырғым келеді. Біздің өкілдер қазір кубоктың басқа кезеңдерінде өнер көрсетуде. Олардың мақтанатын нәрсесі жетерлік. Фристайлдан шаңғышы Анастасия Городко бұған дейін күміс жүлдегер атанса, өткен маусымда Павел Колмаков фристайлдан әлем кубогының соңғы кезеңінде екінші орын алды», -деді «Шымбұлақ» компаниялар тобының коммерциялық директоры Василий Подкорытов.
Тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов Қазақстанда фристайлдан жарыстар алғаш рет 2019 жылы өткенін айтады. Содан бері әлем чемпионатының кезеңдерін жүйелі түрде өткізу керек деп шешілді. Белгілі бір техникалық талаптарды Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясы (FIS) белгілейді.
«Талаптар демалыс орны, қар тазалау жүйесі, аспалы жолға қатысты. Біз мұның бәрін орындадық. Және бұл оқиға жыл сайын FIS күнтізбесіне енгізіледі. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап біздің мамандар техникалық делегат болу үшін FIS мектептерінде оқыды. Келесі жылы біз Қазақстаннан осы мәртебеге ие болатын екі техникалық делегатқа құрмет көрсетеміз. Олар тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де әлемдік жарыстар жүргізіп, ұйымдастырып, төрелік етеді», - деді Ринат Әбдірахманов.
Сондай-ақ, ол шаңғы акробатикасынан әлем чемпионатының биылғы жылдың желтоқсан айында неге өтпейтініне де тоқталып кетті. Өткен жылы Ринат Әбдірахманов бұл мәселе бойынша FIS-пен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.
«Біздің шаңғы акробатикасынан әлем кубогы кезеңін желтоқсанда, ал могулдан наурызда өткізу идеясы болды. Бірақ мен қорықтым, ауа райына сенімді болмадым. Шынымен де биылғы қыс кеш басталып, әрі жылы болды. Биыл бұл шараны өткізе алмас едік, бас тартуға мәжбүр болар едік... Қазір бұл шараны ақпан айына ауыстыру мәселесін талқылап жатырмыз. Қаңтар айында комиссия отырысы өтіп, 2025 жылдың күнтізбесі талқыланады, шаңғы акробатикасынан әлем чемпионатының кезеңі ақпан айында, могулдан наурызда өтуі тиіс»,- деді Ринат Әбдірахманов.
Өткен маусымда 17-19 наурызда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында шаңғы акробатикасы мен могул түрлерінен фристайлдан әлем кубогының финалдық кезеңдері өтті. Жарысқа 14 елдің спортшылары қатысты. Одан кейін қазақстандық Павел Колмаков фристайлдан жеке могул түрінен екінші, ал Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасы бойынша алтыншы орынға ие болды.
Сондай-ақ өткен маусымда Шымбұлақта «Құрғақ беткей» атты жаңа могул трегі жасалды.
Фристайлдан әлем кубогы – 1980 жылдан бері Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) қамқорлығымен жыл сайын өткізілетін жарыс. Оған Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Норвегия, Италия, АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Швейцария, Финляндия, Қазақстан және т.б. мықты спортшылар қатысып келеді.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты