Алматыда еріктілер көпбалалы отбасыға баспана алып береді
Алматыда еріктілер жертөледе тұратын алты баласы бар отбасына 15 млн теңге жинады.
Алматы телеарнасының хабарлауынша, жаңа туған үшемдерге тәулік бойы күтім қажет болғандықтан, балалардың анасы жұмыс істемейді. Қазір олар әлі ауруханада жатыр. Босанар алдында оған коронавирус диагнозы қойылған, бірақ сәбилер мерзімінен бұрын болса да дүниеге дені сау болып келген. Олардың жалпы салмағы 1700-1800 кг.
Үшем – екі ұл, бір қыз.
Отбасының әкесі 52 жастағы Ержан Жанбауов көше сыпырушы болып жұмыс істейді. Ауыр жұмысына отағасы 70 мың теңге алады. Оны үй жалдауға және отбасын асырауға жеткізу қиын.
«Бейжай отырмаған адамдарға алғыс айтқым келеді. Әрине, бейтаныс адамдардан көмек сұрау маған ыңғайсыз. Мен еркекпін, ұятқа қалдым. Күнде жұмыс істеймін, отбасымды асырау үшін аула сыпырамын» деді Алматы тұрғыны.
Оның отбасы тар жертөледе тұрып жатқанына бір жылдан асты. Үлкен балалары мектепке барады, ата-аналарына көмектеседі. Анасы ауруханада жатқанда, олардың тәтесі, әкесінің әпкесі балаларға қарап отыр.
Ол Ержан Жанбауовтың жалақысы балалардың тамағы мен оқу құралдарына әрең жететінін айтты.
Көп балалы отбасының оқиғасы қазақстандықтарды елең еткізді. «Елге Көмек» қайырымдылық қорының еріктілері бір тәулікте 15 млн теңгеден астам қаражат жинап үлгерді. Қазір олар пәтер іздеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық