Алматыда ер адам әйелін супермаркетте пышақтап өлтірді
Алматыда ер адам отбасылық жанжалдан кейін әйелін өлтірді. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды.
Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам әйелін жұмыс орнында өлтіріп кетті. Оқиға Наурызбай ауданындағы супермаркеттердің бірінде орын алды.
«Келушілер қан дақтары бар әйелді көріп, полиция шақырған. Ерлі-зайыптының таңертеңнен бері телефон арқылы жанжалдасқаны белгілі болды. Ер адам әйелімен сөйлесу үшін оның жұмыс орнына келді» деп хабарлады полиция.
Оқиғаның егжей-тегжейін тергеу барысында тәртіп сақшылары анықтайды. Әзірге әйелге күйеуі бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны белгілі, нәтижесінде ол қайтыс болды.
Сондай-ақ, өлтірілген адамның таныстары мен әріптестеріне сауалнама жүргізу кезінде ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал жиі болатыны анықталды. Соңғы бірнеше ай оларда ажырасу процесі жүрді.
Ұсталған адам алғаш кінәсін мойындамай, тек жауап алу кезінде ғана мойындады.
Тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа беріледі. Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша «адам өлтіру» бабы бойынша ер адам сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді