Алматыда Дженнифер Лопесті 3 мыңға жуық адам қорғайды
Фото: MTV International / Wikimedia Commons, CC BY 3.0
10 тамызда Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концерті кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3 мыңға жуық адам қатысады, деп хабарлайды Орда.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шараның қауіпсіздігін 2960 адам бақылайды. Концерт өтетін Орталық стадион аумағы төрт фан-аймаққа бөлінеді. Әр фан-аймаққа 2–3 мың адам сыяды екен.
«Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 2960 адам тартылады. 2240 полиция қызметкері, 600 әскери қызметкер, 120 жеке күзет агенттіктерінің қызметкері және 300 ерікті. Сондай-ақ 26 бақылау-өткізу бекетіне металл іздегіштер мен 52 қол сканері орнатылады», – деді әкімдік.
Сонымен қатар, 9 тамызға дейін стадионда жөндеу және құрылыс жұмыстары толық аяқталмақ. Қазірдің өзінде жарық жүйесі жаңартылып, 50-ден астам прожектор ауыстырылды, дезинфекция жүргізілді, қоршаулар қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта трибуналар мен орындықтар ішінара ауыстырылып жатыр. Стадион маңына шамамен 100-ге жуық қосымша биодәретхана орнатылады.
«Бұл концерт Алматы үшін маңызды оқиға. Оның қалай өтетіні қаланың халықаралық имиджіне әсер етеді, сондықтан барлық ұсақ-түйек ескерілгені дұрыс. Мұндай іс-шаралар қалаға назар аудартқызып, туризмнің дамуы үшін өте маңызды», — деді қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.
Сондай-ақ, әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, стадион маңында өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі кезекшілік етеді. Барлық шұғыл қызметтер толық дайындық режиміне ауыстырылды. Концертке келушілерге ыңғайлы болу үшін арнайы автобус қозғалысы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық