Алматыда дизайнерді өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты
Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бисен лақап атымен танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сарыханның өліміне қатысты сот отырысы өтті. Сотталушыға үкім шығарылды.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қаралды. Судья сотталушының кінәсі дәлелденіп, оны 11 жыл үш айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды деді.
Судья Ерлан Болатов осы бап бойынша ең жоғарғы жаза тағайындады. Сонымен қатар, сот сотталушының 2018 және 2020 жылдары туылған екі бала тәрбиелеп отырғанын ескерді.
«Сот сотталушының іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес квалификациялады. Сот мұндай қорытындыға сот отырыстары кезінде анықталған дәлелдер негізінде келді. Сотталушының іс-әрекетін бағалау кезінде басты назар адамның өмірлік органдарына ауыр дене жарақаттарының келтірілгендігін ескерді. Басынан бірнеше жарақат алды, соның салдарынан миына қан кетіп, миы шайқалды. Мұның бәрі жәбірленушінің өліміне ықпал еткен», - деді судья.
Сот Сәбит Сарыхан отбасының айыпталушыдан 10 миллион теңге моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы өндіріп алу туралы талаптарын толық қанағаттандырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. 15 күн ішінде процеске қатысушылар сот шешіміне шағымдана алады.
Еске салсақ, Бисен лақап атымен танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сарыхан 18 қазанға қараған түні көз жұмған. Кісі өлтіруші - сүйіктісінің ағасы.
Куәгерлердің айтуынша, үйдің ауласында екі ер адам төбелес бастаған. Кейін бірі құлап, екіншісі оқиға орнынан қашып кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық