Алматыда депутаттыққа кандидаттардың жиыны өтті
Қала әкімдігі рұқсат берген алғашқы үгіт-насихат жиыны М.Ганди атындағы саябақта өтті.
Бүгін Алматыдағы алғашқы үгіт-насихат жиынына 100-ге жуық адам жиналды. Адамдар плакат көтеріп келіп, өз пікірлерін айтуға тырысты. Сонымен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тәуелсіз кандидаттарға дауыс беруге шақырды.
Жиналған наразылар үкіметті басқару әдістерін, қазіргі депутаттарды және қанды қаңтар оқиғасына деген көзқарасты сынға алды. Тіпті, халықтың түйткілді мәселелері мен арман-тілектерін баяндайтын өлең де оқылды.
— Мәслихат пен Мәжілісте қанша депутат ауысса да Алматыда ештеңе өзгермейді. Сіз депутаттарыңыздың кем дегенде біреуін білесіз бе? Қаңтар қалай басталды? Халық бейбіт митингке шығып, билікпен сөйлескісі келді. Тым болмаса халыққа бір депутат шықты ма? Алматылықтар түтінге тұншығып жатқанда, депутаттар жылу электр орталығын газға көшіру мәселесін шеше ме? Қаланың бас даму жоспары талқыланып жатқанда депутаттар тұрғындарды талқылауға жинады ма? - деді Жанар Жандосова мінберден.
Айта кетейік, алаңға 15-ке жуық депутаттыққа үміткер жиналды. Барлығы алматылықтарды шетте қалмай, сайлауға келуге шақырып, кезек-кезек сөз сөйледі.

— Олар осындай елді хаосқа әкелді, - деді Жібек Әменова.
Алматылықтардың сайлауда дауыс беру жағынан белсенділігі төмен екені белгілі. Президенттік сайлауға тұрғындардың 28 пайызы келген.
«Алматылықтардың көңілі қалды. Бірақ бәрібір де бейжай қарамайық. Өз ауданыңыз бен кандидаттарыңыз туралы біліңіз. Сайлауға келіңіздер» деген дауыс естілді.
Нәтижесінде алғашқы үгіт-насихат жиыны депутаттыққа кандидаттардың ант беруімен аяқталды. Жиналған үміткерлер Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.
«Алматы – демократия бесігі. Тәуелсіздік осы жерден басталуы керек» деп түйіндеді жиынды жүргізгендер.

Барлығы қол шапалақтап, қошаметпен тарқасты.
Айтпақшы, Қазақстанда Мәжіліс депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді. Мәслихат депутаттарының сайлауы да осы күнге белгіленді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық