Алматыда бір жарым жасар бүлдіршін оңбай таяқ жеген
Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар кішкентай қыз бала оңбай таяқ жеген. Бұл туралы «НеМолчиKz» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді.
Дина Таңсәрінің айтуынша, бүлдіршін денесінде айқын соққы іздері бар, оған қоса миы шайқалған.
— Директор мұны істеген басқа бір бала дейді! Оған сену қиын, - деп жазды Дина Таңсәрі Facebook парақшасында.
Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік беріп, істің тергеліп жатқанын хабарлады.
— Аталған факт ҚК-нің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істі Жетісу аудандық полиция басқармасы қарап жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Балаларға қатысты бұл алғашқы оқиға емес екендігін айта кеткен жөн. Соңғы кездері балалар мекемелерінде жаппай бейнебақылау камераларының орнатылғандығына қарамастан бұндай бассыздықтар тыйылар емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық