Алматыда белгісіз біреулер 50-ге жуық мысықты айдалаға тастап кеткен
Сурет: видеодан алынған кадр
Алматы маңында белгісіз біреулер елуге жуық мысықты айдалаға тастап кеткен. Кішкентай марғауларды қала тұрғындары тауып алған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Тауып алғандардың айтуынша, марғауларды «Алтын орда» базарының маңындағы далаға тастап кеткен. 26 шілдеге қараған түні ер адам оқиға орнынан видео түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан.
Еріктілер мен зоотехниктер оқиға орнына келіп, мысықтарды алып кеткен. Олардың айтуынша, мысықтардың көп бөлігі инфекцияға шалдыққан және халдері мүшкіл.
– Адамның дауысына жүгірген мысықтар ешкімді бей-жай қалдырмады. Қаланың әр түкпірінен әртүрлі топ өкілдері күндізгі сағат екіде бірнеше көлікпен келіп, мысықтарды алуға асықты. Оқиға орнына келгендер таңқалғандарын жасыра алмады. 40 мысықтан әртүрлі инфекция табылды.
Алты мысықта панлюкопения, ал басқаларында ринотрахеит расталды. Үш ауыр жағдайдағы мысық клиникаға жеткізілді. Қалғандарын таңертеңге дейін Эльмира Муллаходжаева паналатты. Басқа баспаналар да көмек көрсетті. Мұнша көп мысықты емдеу, орналастыру және тіпті тамақтандыру үшін көп ақша қажет. Достар, мысықтарды құтқарайық, - дейді еріктілер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық