Алматыда белгілі университет қызметкері ірі көлемде ұрлық жасаған
Фото: freepik.com
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қолға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.
Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен университет қызметіне тексеру жүргізілген. Тексеру бойынша 2020 жылы университет жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісі тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған. Бірақ бұл тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген. Ал қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.
№2 Медеу аудандық соты үкімімен университеттің «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық