Алматыда «Батырларға тағзым» акциясы өтуде
Сурет: orda.kz
Бүгін Алматыда өткен «Батырларға тағзым» акциясына мыңдаған адам қатысты.
Халық Алматыдағы Орталық демалыс саябағының кіре берісінде жиналды. Шерудің басталуы 9:30-ға жоспарланғанымен, адамдар таңғы 8-ден келе бастады.

Алматылықтар шерудің басталуын күтіп тұрғанда, оларға оркестр ойнап, еріктілер қазақы нақышпен өрнектелген жеңіс ленталарын тарата бастады.

Сағат 9:30-да «Батырларға тағзым» шеруі басталды. Полицияның патрульдік көлігі колоннаның алдында жүріп отырды. Шеруді үрмелі аспаптар оркестрі бастап, одан кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары ілесті. Әрі қарай шеру қатысушылары «Батырларға тағзым» баннерлерін көтеріп өтті.
28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына мерекелік дастархан жайылды. Оларға шай, тәттілер, жемістер мен әскери дәстүрлі тағам - қарақұмық ботқасы берілді.

Шерудің соңғы нүктесі - Даңқ мемориалына келген дамдар гүл шоқтарын қойды. Бұл жерде де жылдағы дәстүр сақталған, көбінесе қалампыр гүлдері қойылған. Дегенмен алқызыл раушан гүлдері де аз емес.

Бір сағаттың ішінде саябақ мыңдаған адамға толды. Олар қолдарына екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарының портреттерін, Қазақстан мен Кеңес Одағының туын ұстап алған. Иосиф Сталиннің, тіпті Лаврентий Берияның портретін әкелгендер де болды. Олармен суретке түскісі келетіндер де табылып жатты.
Саябақтың бірнеше тұсында жанды өнер нысандары жасалған, олармен де суретке түскісі келетіндер кезек күтіп тұрды.

Бұндай кезде әдеттегідей сауда да қыза түседі – әрқайсысы 2000 теңгеден қызыл жұлдызшасы бар пилоткалар да сатылып жатты.
Шеру аяқталды, бірақ халық тарамайды. Жаңадан келгендер екінші дүниежүзілік соғыс батырларының рухына тағзым етіп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық